Саясат

Қазақстандық сейсмологтар 4 айдан бері жалақысыз отыр

Мекеменің коммуналдық төлемдерге қарызы көбейген

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

"Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мекемесінің" жер сілкінісін зерттеу бөлімінің 335 қызметкері адал еңбек ақысын ала алмай жүргеніне бүгін 4 ай болған. Ұйым жетекшісі Б.Әшіровтың айтуынша, жалақының осынша уақыт кешігуіне мекеменің БҒМ-нің ғылым комитетіне ауыстырылуы себеп екен.

Қызметкерлер несиесі мен тамағынан бөлек, жолақыға ақша жоқ екенін айтып зар қақсауда. Ұйымның директоры бюрократиялық жұмыстар бір ретке келсе, қызметкерлерінің жалақысы мамыр айында беріліп қалар деп отыр.

Оның айтуынша, қаржы көзі ашылмағандықтан мекеменің коммуналдық төлемдерге қарызы көбейген, осы себепті жер сілкінісіне жасалатын болжамдар да толық жүргізілмей жатыр.