Спорт
34 жастағы жастағы жігіттің неден қайтыс болғаыны белгісіз
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]"Біз үшін бұл тосын жай болды. Бүгін таңертең жайсыз хабар естідік. Бірінші кезекте Қасымның жақындарына көңіл айтамыз. Ертең оның командадағы серіктестері отбасына барып, қажетті көмек көрсететін болады", - деді Евгения Ли.
Қасым Жұмағожин қазақстандық, ресейлік және голливудтық фильмдерде ойнаған. Еңбең жолын 2005 жылы "Көшпенділер" фильмінен бастаған. Сол жылы ол Тимур Бекмамбетовтың "Дневной дозор" мильміне түскен. Сондай-ақ ол мынадай фильмдерге түскен: "Волкодав из рода Серых псов" (2006), режиссер Николай Лебедев (Ресей); "Махамбеттің қылышы" (2006), режиссер Сламбек Тәуекел (Қазақстан); "Код апокалипсиса" (2007), режиссер Вадим Шмелев (Ресей); "Рэкетир" (2007), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан); "Мұстафа Шоқай" (2008), режиссер Сатыбалды Нарымбетов (Қазақстан); "Қош бол, Гүлсары!" (2008), режиссер Ардақ Әмірқұлов (Қазақстан); "Секер" (2009), режиссер Сәбит Құрманбеков (Қазақстан);
"Байқоңыр" (2011), режиссер Файт Хелмер (Ресей, Германия, Қазақстан); "Конан - Варвар" (2011), режиссер Маркус Ниспел (АҚШ); "Семь майских дней" (2011), режиссер Ермек Турсунов (Қазақстан, Ресей); "Вендетта по-русски" (2011), сериал, режиссер Олег Туранский (Ресей); "Жаужүрек мың бала" (2012), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан); "Неудержимые-2" (2012), режиссер Саймон Уэст (АҚШ); "Джокер" (2013), режиссер Талгад Жаныбеков (Қазақстан); "47 ронинов" (2013), режиссер Карл Ринш (АҚШ); "Ограбление по-казахски" (2014), режиссер Кайыржан Орынбеков (Қазақстан);
"Марко Поло" (2014), сериал, 1-ші маусым, режиссерлары Дэвид Петрарка, Джон Мэйбери, Даниэль Минахан (АҚШ); "Весь мир у наших ног" (2015), режиссер Саламат Мұхаммед-Әли (Қазақстан, АҚШ); "Анаға апарар жол" (2016), режиссер Ақан Сатаев (Қазақстан); "Викинг" (2016), режиссер Андрей Кравчук (Ресей); "Коловрат" (2017), режиссер Иван Шурховецкий (Ресей); "Тобыл" (2018), режиссер Игорь Зайцев (Ресей); "Балуан Шолак" (2018), режиссер Нұрелді Сәдіғұлов (Қазақстан).
Қасым Жұмағожин спорттық гимнастикадан спорт шебері болған. Ижевск қаласында өткен цирк өнері халықаралық байқауында "Алтын аю" сыйлығының иегері.
Дереккөз: tengrinews.kz