Bugin

ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Жетісай ауданы әкімдігі

Ауыл – иісі қазақтың бойына нәр құятын алтын бесігі, ұлттық рухының қуат алар қайнар көзі. Сол мақсатта Түркістан облысындағы аудандарда ұлттық спорт қашанда ұлықталады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінгі күнге дейінгі сан толқын ұрпақтардың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекеннің қадірін арттырып, қазақы салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары сақталған Жетісай шаһарының 55 жылдық мерей тойы аясында ұлттық спортты дәріптеу және бұқаралық спортқа деген жастардың қызығушылығын арттыру, кеңінен насихаттай отырып патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын, балалар мен жасөспірімдер, жастар арасында есірткіге қарсы күресті насихаттау және аудар тұрғындарын спортқа баулу мақсатында арқан тарту, қол күресі, кір тасын көтеру, садақ ату, қошқар көтеру сынды спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Сонымен қатар, орталық саябақта жасөспірімдер арасында кіші футболдан ауданның ашық біріншілігі ұйымдастырылса, білекті де жүректі жігіттердің қатысуымен «Алыптар сайысы» өтті. Ауданда тұңғыш рет өткізілген байрақты бәсекеге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Азамат Мақұлбеков қонақ ретінде арнайы қатысып, жетісайлық жігіттердің дайындықтары мен белсенділіктеріне жоғары бағасын берді.

Жоғары деңгейде өткізілген жарыстардың қорытындысы бойынша ептілігі мен мықтылығын мойындатқан қатысушылар арнайы дипломдар мен медальдарға, бағалы сыйлықтарға ие болды.