Bugin

"Өлгенше дәрі берген”: ауруханада көз жұмған жігіттің туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Тараздағы ауруханада көз жұмған 18 жастағы Ернұр Абдуллаевтың туыстары жігіттің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның әпкесі әлеуметтік желіде әділдік іздеп, інісінің жағдайын баяндады. Жегіттің апластикалық анемиясы (қан түзу жүйесінің ауруы) болған. Ернұр тамыз айының соңында дәрігерлердің көмегіне жүгінгенген. Жігіттің оң қолына медбике арнайы катетер қойған. Алайда катетр шығып кетіп, оң қолынан сол қолына ауыстырылған. Әпкесінің сөзінше апластикалық анемиямен ауыратындарға катетер дәрігердің бақылауында немесе дәрігердің өзі қоюы керек. Ал Ернұрдың жағдайында оны медбике қойыпты.

Ернұр дәрі-дәрмекті катетер арқылы енгізгенде ауырсынғанын айтқан. Алғашқы күндерден-ақ сол қолы ісіген. Бірақ дәрігерлер гематоманың кететінін, қолына жақпа май жағу керектігін айтыпты.

21 қазан мен 9 қараша аралығында Ернұрға ауруды басатын дәрі (трамадол және морфин) берілді. Сол кезде оның сол қолы шіри бастаған. Антибиотиктердің әсерінен жігіттің екі ай бойы қызуы көтеріліп, ішкі мүшелері зақымданған.

“Дәрігерлер оның дене қызуын қайта-қайта төмендетіп, өлгенше ауруды басатын дәрілермен ұстаған", - деді оның әпкесі.

Ол болған жағдайға дәрігерлерді кінәлайды. Адам өліміне әкеп соқтырған кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін медбике мен емдеуші дәрігер жұмыстан босатылды.