Bugin

Ресейді тарих бетінен тағы жойғысы келеді – Путин Астанада не деді?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Ақорда

Астанада өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясында Ресей президенті Владимир Путиннің не дегенін Кремль ресми арнасында таратты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап. 

Владимир Путин ҰҚШҰ-дағы әріптестеріне өздері "арнайы әскери операция" деп атайтын соғыс аймағындағы жағдайды баян еткен. Рессейлік қару-жарағы жайлы егжей-тегжейлі хабарлаған.

"Біздің жауынгерлер не үшін күресіп жатқанын, не үшін қан төгіп жатқанын жақсы біледі. Біздің тарихымызда бірнеше рет болғандай, біздің ұрпақтың мойнына Ресейді тағы бір рет жойғысы келетін күштердің жолына тосқауыл болу міндеті жүктелгенін олар біледі. Біздің жігіттер отан үшін, Ресей мен балаларының болашағы үшін күресіп жатыр. Сондықтан Украина аумағына тіпті ең заманға сай қару жеткізілсе де, онысы майдан даласындағы жағдайды өзгертпейді”, - деген Путин.