Bugin

Полицей мінген көлік 8 жастағы баланы қағып кетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

11 қарашада Ақтөбе облысының Темір ауданы Шұбарқұдық ауылында сабақтан шығып, әкесіне қарай жүрген сегіз жастағы баланы көлік қақты. Көлік полиция қызметкеріне тиесілі екені белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ақтөбе облысының полиция департаменті өкілдері бала жолға жүгіріп шыққанын айтады. Полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр. 

“Шұбарқұдық ауылында полиция қызметкері жеке автокөлігімен келе жатып, жолға жүгіріп шыққан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қаққан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкері кәмелетке толмаған баланы медициналық мекемеге жеткізді. Сақтандыру полисінің жоқтығы және жол қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкеріне хаттама жасақталды. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды Ақтөбе облысының ПД ресми өкілі. 

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері де баланың өміріне қауіп төнбегенін растады.