Bugin
Фото: freepik.com
Алматы облысындағы “Асыл Арман” тұрғын үй кешенінің тұрғындары 7 жастағы баланың қазасынан кейін ереуілге шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
27 қараша күні “Асыл Арман” тұрғын үй кешенінде мектеп автобусы 7 жасар баланы басып кеткен еді. Бүлдіршін оқиға орнында мерт болды. Қайғылы жағдайдан кейін тұрғындар ереуілге шықты. Олардың айтуынша, 10 жылдан бері биліктен мектеп салып беруін сұрап жүрген.
“Кішкентай баланы басып қашып бара жатыр. Мен өзім ұстап алдым. Біз мұндай әкіммен адам болмаймыз. Өзі 30 мың адам тұрады бұл жерде. Жолдың түрі мынау”, - дейді тұрғын.
Енді тұрғындар биліктен мектеп салып беруді әрі балалардың қауіпсіздігі үшін жағдай жасауды талап етіп отыр.