Bugin

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik. com

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оңтүстік өңірлерде жауын-шашын түсіп, 30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты қар аралас жаңбыр жауады және көктайғақ болуы ықтимал. 

Ел аумағында тұман түсіп мен жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасында аса қатты өзгеріс болмайды.

Тек еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында айтарлықтай жауын-шашын түспейді және ауа-райы тымық болады.