Bugin

Доллардың 600 теңгеге қымбаттайтыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Ұлттық банк басшысының орынбасары Виталий Тутушкин доллар қымбаттап бара жатқанына пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап. 

Журналистер одан доллардың 500 теңгеге қымбаттап кетуінің себебін әрі 600 теңге қымбаттау ықтималдығын сұраған.

"500 – бұл тек сан. Оған байланудың қажеті жоқ. Бүгін 500 - ертең 600", - дейді Виталий Тутушкин. 

Ол Ұлттық банктің бұған дейін таратқан сөзін қайталады. Тутушкин "теңге әлсіреген жоқ, доллар барлық әлемдік валюталарда нығайып жатыр" деп есептейді.