Bugin

“Каспий” футбол клубында басшылық қомақты қаражат жымқырған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Маңғыстау облысында “Каспий” футбол клубының бұрынғы жетекшісі және оның екі танысы қамалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Күдіктілер оқу-жаттығу жиынына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қыметі мәлімдеді. 

Тергеу органдары күдіктілер “клуб қызметкерлеріне күш қолданып, оларды жауабын өзгертуге мәжбүрлеуге тырысқан, 15 млн теңге ақша бопсалаған” деп айтады.