Weekend

Маxаббат

Жарғыш және әйелі

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оның әйелі сұлу еді. Жарғыштар кен қабатын тескен тесіктерге аммонит толтырып жаратын. Карьерде тесілген ұңғыға жарылғыш зат толтырып жарып жататын жарғыш Василий соның бірі болатын. Василий әйелін қатты қызғанатын. Әйелі Лидия шаxтада лифтерша еді. Шаxта астына түскен кеншілерді жер бетәне шығару және жер астына түсіру лифтершаның жұмысы. Міне, сол Лидияны күйеуі күндіз-түні келіп аңдитын. Бөтен еркектерге жымиып қараса қызғанатын. Тіпті төбелесіп, ұрыс-жанжал шығаруға дейін баратын. Әрине, Лидия оның бұл мінезін ұнатпайтын. Айналадағы адамдардан ұялып, тығыларға тесік таппайтын.  Бірақ күйеуі ғой, амал жоқ кешіретін. 

Карьерде ұңғыларды жарылғыш затқа толтырып, жарар алдында, жарғыш жарылыс алаңына баратын өткізгіш сымдарды жалғастырып алатын. Бұл кезде өте сақ болу қажет. Өйткені, детонация болуы мүмкін. Детонация дегеніміз өте тез берілетін ұшқын. Ол ұшқын лезде берілсе, бүкіл карьеріңді тас-талқан етеді. Міне, Вася осы жерде қателесті. Экскаватор шөмішінің қалқасында өткізгіш сымдарды жалғастырсам детонация болмайды деген Вася дентонация құрбаны болды. Детонация әп-сәтте оталып, Василийдің денесі бөлшек-бөлшек болып аспанға ұшты. 

Комбинатқа болған оқиға ізімен тексерушілер келді. Ситуациялық түсірілім жасалдЫ. Василий енді Лидияны қызғанбайды...