Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Видеодан алынған скриншот
Ақтаудағы ұшақ апатынан 6 адам аман қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады.
Әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ құстармен соқтығысқан. Әуе кемесі Грозныйдағы тұманға байланысты бағытын өзгертті деген нұсқа да бар.
Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
Еске салайық, бұған дейін Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ құлағанын хабарлаған едік.