Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Видеодан алынған скриншот
Әзербайжаннан ұшқан ұшақ апатқа ұшырады. Қайтыс болғандар саны 38 адамға жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әзербайжан делегациясының өкілі жағдайды өте қиын деп сипаттады. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев марқұмдардың кім екенін анықтау үшін сараптама тағайындалатынын айтты.
“Дәрілер жеткілікті, қажет болса қан да бар. Енді Астанадан тағы бір санитарлық авиация ұшағы келеді. Ең мықты дәрігерлер келеді”, - деп сендірді ол.
Қаза болғандар арасында 6 қазақстандықтар да бар. Мерт болған Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының тұрғындары, бірі Қостанайдікі, бірі Астанадан екені белгілі болды.