Bugin

Ақмола облысында жоғалған 7 адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Pixabay 

Ақмола облысында жоғалған адамдар табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ТЖМ қызметкерлері 7 адамды эвакуациялады. Бурабай кентінде қатты боран салдарынан 7 адам болған жеңіл автокөлік жол шетіне сырғып, өздігінен шыға алмаған.

ТЖМ қызметкерлері құтқарылғандарды Щучинск қаласының жылыту пунктіне эвакуациялады. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

"Жолдың шетіне көлікпен сырғып кеттік. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз, ауа-райының қолайсыздығынан алыс жолдарға шықпауға тырысыңыз. Бізде жағдай жақсы, рақмет сіздерге", - делінген хабарламада.