Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: freepik.com
Колумбияның солтүстік-батысында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 10 адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ресми ақпарат бойынша, кем дегенде 10 адам қаза тапты. Жеңіл ұшақтың Pacifica Travel компаниясына тиесілі екені белгілі болды. Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін, түгел байланыс үзілген. Оның бортында экипаждың екі мүшесі мен сегіз жолаушы болған.
“Тірі қалғандар жоқ. Оқиға орнында 37 қызметкер жұмыс істеп жатыр және біз адамдардың денелерін алып шықтық. Сонымен қатар тергеу жұмыстарын жеделдетіп жатырмыз”, - деп хабарлайды жергілікті құтқарушылар.
Колумбияның көлік министрлігі мен азаматтық авиация басқармасы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Апаттың себептерін анықтау жұмыстары басталды.