Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Видеодан алынған скриншот
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы “Самал” балабақшасында балаларға ішінде жәндіктері бар ботқа берілген. Қызметкерлер жұмыстан қуылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Видеоны мына сілтемеден көресіз.
Балабақша меңгерушісі, аспазшы және медбике қызметінен босатылды.
Ведомство балаларға ботқа беру жәндіктер табылған бойда тоқтатылғанын мәлімдейді.
Қандағаш қаласындағы “Самал” бөбекжай-бақшасы 320 балаға есептелген екен. Қазіргі уақытта оған 210 тәрбиеленуші келеді.
Балабақша мен кәсіпкер арасында 2024 жылғы 4 маусымда №10 шарт жасалған. Кәсіпорын сұлы ботқасының өнімдерін 2024 жылғы қарашада бөбекжайға әкелген. Оның жарамдылық мерзімі 18 айды құрайды екен.
Қазіргі уақытта білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.