Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ашық дереккөзден
Астанада вокзалдан табылған баланың анасы кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астанадағы вокзалдан 3-4 жастағы бала табылған. Оның қалтасына анасы “Баладан бас тартамын” деп хат қалдырған. Полиция жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Кеше, 13 қаңтарда баланың анасы табылып, полиция бөліміне жеткізілді. Астана станциясындағы желілік полиция бөлімшесі кәмелетке толмаған баланы қауіп-қатерге ұшырату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
“Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының қорытындысы бойынша Астана станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын психиатриялық диспансерде есепте тұрған станцияда қалдырылған баланың анасын анықтап, полицияға жеткізді. Бала Астана әкімдігінің қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді”, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.