Bugin

Күйеуі түрмеде: 5 баласы тірідей өртенген ана сотталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Қостанай облысынд бес баласы өртеніп кеткен ана сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында ҚК 292-бабының 3-бөлігімен айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Еске салайық, Қостанай облысында 5 бала өртеніп кеткен еді. Балалардың анасы перзенттерін қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пеш жағу керегін айтқан. 

Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағып, пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Салдарынан пештегі от қатты жылдамдықпен жанып, үйдің іші өртене бастайды.  Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды.  

5 баладан айырылған ана кінәсін мойындады. Прокурор сотталушыға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

ҚК-нің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес жоғарыда аталған қылмыс абайсызда жасалған орташа ауыр қылмыстар санатына жатады. Сот әйелге 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырды. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты мәләмдеме жасаған. Министрдің сөзінше, аналары 2 рет тұрмыс құрған. Сондықтан бұл отбасыдағы балалардың тегі әртүрлі болған. Ал күйеуі түрмеге тоғытылғанын желі қолданушылары жарыса жазған еді.