Bugin

Екібастұз қаласындағы балабақшада тәрбиеші балаларды ұрып-соққан (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видеодан алынған скриншот

Желіде Екібастұз қаласындағы балабақшада тәрбиеші балаларды ұрып-соққан видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Желідегілер бұл оқиғаның "Сәби сити” балабақшасында болғанын айтып жатыр. Әрі бұл видео қырқылған, толық емес көрінеді. Желі қолданушылары тәрбиешінің бұдан да сорақы іс-әрекеттері барын айтады. 

“Видеодағы менің жиенім. Ол екі жасқа да толмаған. Болған оқиғаның жартысы ғана видеоға түсіп қалған. Бұдан да сорақысы болған. Бала ұйқтағысы келмегені үшін осылай жасаған. Басқа біреудің баласын бұлай қорлауға қандай құқығы бар? Бала психологиялық түрде де ауыр соққы алды”, – делінген пікірлерде.

Екібастұз қаласының білім бөлімі видеоға қатысты жауап берді.

"Оқиға жекеменшік балабақшада болған. Тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады”, – делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Павлодар облысының полиция департаменті аталған оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

"Бұл дерек Екібастұз қаласының полиция бөлімінде тіркелді. Полицейлер бұл видеоға қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша жауапты тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп мәлімдеді полиция басқармасы.