Bugin

«Келешек» жинақтау жүйесі: 235 мың теңге 5 жастағы балаларға ғана беріле ме?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

"Келешек" жинақтау жүйесіне баласының жоғары білім алуы үшін қаржы жинаймын деген ата-аналар қатысады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бағдарламаға қатысу – ерікті. Ол 2025 жылдың наурызында іске қосылады.

Ата-аналар "Келешек" бағдарламасына қатысу үшін серіктес банктерде арнайы есепшот ашу керек. 

Мемлекет 5 жасқа дейінгі балаларға ашылған есепшотқа бастапқы білім капиталын аударады. Оның көлемі – 60 АЕК, ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 120 АЕК көлемінде ақша аударады. 2025 жылы 60 АЕК 235,9 мың теңгеге тең, 120 АЕК 471,8 мың теңгені құрайды.

Мемлекет беретін 235 мың теңге білім капиталв тек 5 жастағы балаларға ашылған шоттарға түседі. Ал баланың жасы беске толмаса, білім капиталы бала 5-ке толғанда ғана аударылады.

Ескеретін жағдай, "Келешек" есепшотына ата-ананың бір жылда құятын қаржысы 24 АЕК-тен (95 мың теңге) төмен болмауы керек. Яғни айына кемінде 8 мың теңге салып отыруға болады. Шотқа қаржыны бірден аударуға болады.

Бала мектеп бітірген соң, жоғары оқу орнына грантқа түссе, жинақталған қаржыны басқа да тәуекелдерге жұмсауға болады.

Еске салайық, бұл бағдарлама 2023 жылы қаралды. "Келешек" бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шараларды сол кездегі премьер-министр Әлихан Смайыловтың өзі жіті бақылады.