Bugin

“Аяғымен кеткен балам табытпен келді" : 18 жастағы сарбаздың ата-анасы зар илеп отыр (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Жетісу облысы Сарыөзек әскери бөлімінде қаза болған сарбаз бүгін жер қойнына табысталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Марқұм сарбазды ата-анасы жер қойнына тапсырды. Олар баласының әскерге аяғымен кетіп, табытпен оралғанына зар илеп отыр. 

Еске салайық, 14 қаңтар күні Жетісу облысы Сарыөзек әскери бөлімінде жас сарбаз өзін жүрек тұсынан атып өлтіргенін хабарлаған едік. Құрлық әскерлері қолбасшылығының мәліметінше, сарбаз оқу-жаттығу барысында қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзып, өлімге әкелетін жарақат алған.   

Сарбаз қызмет барысында өзін жақсы жағынан көрсеткені айтылып жатыр. Бөлімше басшылығына шағымдар немесе өтініштер түспеген. Құрлық әскерлері қолбасшылығы марқұмның отбасына көңіл айтты.