Bugin

Ақмола облысында ерлі-зайыпты дәрігерлерге шабуыл жасады (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Видеодан алынған сариншот

Ақмола облысында ата-анадар дәрігерлерге шабуыл жасаған кезі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Видеоны мына сілтемеден көресіз.

Оқиға 18 қаңтар күні болды. 3 жасар бала қансыраған күйде ауруханаға жеткізілген. 

Ата-анасының айтуынша, үйде баланың үстіне аласа шкаф құлаған екен. Үш саусағы жаншылып, тырнағы салбырап қалған. Саусақ үгіліп, терісі алынған. Осылайша жаншылған үш саусақтың ұшын ампутациялау керек болған. 

Дәрігерлер баланың ата-анасына ампутация жасалатынын ескерткен. Алайда олар мұны қабылдаудан бас тартып, оларға шабуыл жасаған.

Тіпті отаға бара жатқан анестезиологты  ұстап алып, балағаттап, қорлаған. Отадан соң маман ерлі-зайыптыны шақырып, наркоздан кейін балаға қандай күтім жасау керегін түсіндіруге тырысқан. Алайда ерлі-зайыпты дәрігердің сөзін құлағына да ілмеген.

Дәрігерлер баланы палатаға ауыстырып, ерлі-зайыптының үстінен шағым түсірді. Полицияның мәліметінше, ата-ана да дәрігердің үстінен арыз жазған.