ҚОҒАМ

СҚО-да алапат өрт: 3 бала мен 2 ересек адам мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Envato

СҚО-дағы жеке үйде өрт кезінде үш бала мен екі ересек адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ТЖМ мәліметінше, 23 қаңтарға қараған түні 112 пультіне Шал ақын ауданы Ступинка ауылындағы жеке тұрғын үйдегі өрт туралы ақпарат түсті.

"Құтқарушылар келгенге дейін үй толығымен отқа оранды, нәтижесінде шатыр құлады. Өрт сөндіру кезінде өрт орнында екі ересек пен үш баланың денесі табылды. Олардың жеке басы анықталды", - делінген хабарламада.

Департамент психологтары жергілікті жерде қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шұғыл көмек көрсетті.