Bugin

Сарбазды тапаншамен атып өлтірген офицерге сот үкім шығарды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында сарбазды атқан офицер 13 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

19 жастағы Марат Барқұлов былтыр қыркүйекте Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында айыпталушы Дамир Досов атқан оқтан қаза болған.

Сотта Досов тапанша оқталып тұрғанын білмегенін, сарбазды өлтіру ниеті болмағанын айтқан.

Сотталушының кінәсі оқиға орнындағы бейнежазбалар, куәгерлердің айғақтары, тергеу әрекеттерінің хаттамалары және сараптама қорытындылары арқылы дәлелденді.

Сот шешімімен Дамир Досов 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот айыпталушыны жәбірленуші тараптың пайдасына 20 миллион теңге мөлшерінде моральдық және материалдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Еске салайық, бұған дейін прокурор офицерді 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанын хабарлаған едік.