ҚОҒАМ

Алматы әкімі суық су бағасының 3 есе көтерілу себебін түсіндірді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев суық су тарифінің не себепті үш есе көтеріліп кетуін түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бүгін, 13 ақпан күні Ерболат Досаев алматылықтармен кездесті. Әкім тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Жетісу ауданы, Қожамияров көшесінің тұрғыны 90 мың теңге зейнетақы алатынын және қаңтар айында су тарифіне үш есе ақша төлегенін айтты. Зейнеткер бұған дейін 2600 теңге төлеп жүрсе, қаңтарда 9000 теңгеге төлемақы келген.

Бірақ қала әкімі тариф бағасының айтарлықтай өспегенін айтады.

“Тұтыну көлеміне қарай саралап, бір адамға орташа есеппен қанша қажет екенін есептедік. Суды тұтыну стандарттарын өзгерттік, осыған байланысты өзгерістер болды. Алматылықтар суды үнемдеп пайдаланғанын қалаймыз. Бұл мәселе әлі де өзекті. Сондықтан адамдар суды үнемдеп, өз қажеттілігіне қарай, біз белгілеген нормаларға сәйкес пайдаланғаны дұрыс. Мұнда ешқандай шектеу жоқ. Біз қосымша мүмкіндіктер ретінде су кен орындарын іздеп жатырмыз”, – деді Ерболат Досаев.

Әкім қалада су қоры жеткілікті екенін айтты. Бірақ оны үнемдеп пайдалануға шақырады.