ҚОҒАМ

Бектенов шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: freepik.com

Премьер-министр Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бектенов марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. 

“Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр”, — деді Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы премьер-министрдің орынбасарының есебі тыңдалды. 

Еске салайық, 17 ақпан күні Ұлытау облысында қайғылы жағдай болды. “Жомарт” кенішінде болған төтенше жағдай салдарынан жеті қызметкер үйіндінің астында қалып, мерт болды.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61