САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Азаттық радиосы
Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Phystech II мұнай компаниясы 2025 жылы жекешелендіріледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
2023 жылдың қазанында компанияның 100% акциясы мемлекетке өтті. Сарапшылар бағалауынша, активтің жалпы құны 35 миллиард теңгеден асады. Компания Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас кен орнын игерумен айналысады. Алайда бұған дейін оның қаржылай нәтижесі мардымсыз болып, шығынға батқаны айтылған. Жекешелендіру конкурс не тікелей мәміле арқылы іске асады деп жоспарлануда.
Еске салсақ, Қайрат Боранбаев 2023 жылы аса ірі көлемде қаржы жымқырды және қаржы заңдастырды деген күдікпен ұсталған еді. Тергеу мәліметінше, ол 2019 жылы өзінің “АзияГаз Шонжы” ЖШС арқылы QazaqGaz ұлттық компаниясының 14,5 млрд теңгесін жымқырып, оны дивиденд түрінде заңдастырған.
ҚМА хабарламасына сәйкес, тергеу барысында келтірілген залал толық өтеліп, шетелдегі активтерді бұғаттау жұмыстары жалғасып жатыр. Боранбаев бірнеше активін мемлекетке қайтарды. Мәселен, Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт 105 млн теңгені бюджетке аударды, ал “АзияГаз Шонжы” “Самұрық-Қазына” қорына өтті.
Phystech II компаниясы да мемлекет балансына қайтарылған ірі активтердің қатарында. Осылайша, бірнеше қылмыстық істен бойын аршып алған Қайрат Боранбаев 2024 жылдың қарашасында бұрын өзі басқарған “Қайрат” футбол клубының басшылық құрамына қайта оралды.