БІЛІМ

Қазақстандық үш оқушы Гарвардқа оқуға түсті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: КазТаг

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік Shoqan School мектебінің үш оқушысы Гарвард және Калифорния университеттерінің (Беркли) бакалавриат бағдарламасына грантқа түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Бұл жетістікке олар мектептің негізін қалаушылар — қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев пен эколог Әсел Тасмағамбетова әзірлеген бірегей тәлімгерлік бағдарламасының арқасында қол жеткізді. 

Сабыржан Арман Гарвард университетінің компьютерлік инженерия мамандығына толық грантпен қабылданды. Оспан Томирис — Гарвардтың экономика факультетіне түсті. Ал Жандильдаева Камилла Калифорния университетінің Беркли кампусындағы “Менеджмент, кәсіпкерлік және технология” (MET) атты беделді бағдарламаға оқуға қабылданды. Биыл бұл бағдарламаға 127 мың үміткер өтініш берген, бірақ тек 200-і ғана таңдап алынған.

Сондай-ақ Аружан Асыл Ұлыбританиядағы ең үздік дайындық бағдарламаларының бірі саналатын University College London (UCL) университетінің Foundation бағдарламасына түсті.