Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 1,5 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті бюджет қаражатын ұрлап, кейін оларды заңсыз айналымға түсіргені үшін бұрынғы мәслихат депутаты Б.Қ. Әбішев пен өзге де тұлғаларға қатысты тергеу барысында жаңа деректердің анықталғанын мәлімдеді.
Атап айтқанда, 2018–2022 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты департаменттің экс-директоры Б.С. Аимбетовтің Жамбыл және Түркістан облыстарында субсидияларды заңсыз жолмен алу схемасына қатысы бары дәлелденген.
Тергеу мәліметінше, Б.К. Әбішев пен Б.С. Аимбетов 29 ауыл шаруашылығы кооперативінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, элиталық таңқурай көшеттерінің жеткізілгені жөнінде жалған құжаттар рәсімдеген. Осылайша олар мемлекеттен жалпы көлемі 1,5 миллиард теңгеге жуық субсидия алған.
Сот шешімімен Б.С. Аимбетовке қатысты екі айға қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.