ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Коллаж: Orda.kz
Алматыда 12 жасар оқушыға қатысты әдепсіз әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғыны 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Медеу ауданының прокуратурасы жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның Астана қаласында жүрген кезінде Telegram мессенджері арқылы Алматыдағы гимназиялардың бірінде оқитын 6-сынып оқушысымен танысқаны анықталды. Кейін бейнебайланыс кезінде ол жыныстық сипаттағы жол берілмейтін әрекеттерге барған.
"Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот оны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енді", – деп мәлімдеді қалалық прокуратура.
Құзырлы органдар балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен әдепсіз әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылатынын және мұндай қылмыстар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.