ҚОҒАМ

Қазақстанда жерлеу рәсімінің құны өсіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Baq.kz

Қазақстанда жерлеу рәсімінің құны өсіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Finprom.kz зерттеуі бойынша, Қазақстанда жерлеу қызметтерінің бағасы орта есеппен 5%-ға өскен. Ал кейбір өңірлерде баға бір жарым есе өскен.

Finprom.kz

Finprom.kz

2024 жылы елімізде 133 мыңға жуық адам қайтыс болған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық. Ең көп өлім-жітім Алматы қаласында (12,2 мың адам), Қарағанды (10,6 мың адам) және Түркістан облыстарында (10,1 мың адам) тіркелген.

Соңғы уақыттары қазақстандықтар жерлеу қызметтерін бұрынғыдай жиі пайдаланбайды. Сарапшылардың пікірінше, бұл қызметтердің көлемі екінші жыл қатарынан төмендеп келеді. 2024 жылы ол 2022 жылмен салыстырғанда үш есе қысқарған. Адамдар қосымша шығындардан бас тартуда немесе қолжетімді баламаларды іздестіруде.

фото: Finprom.kz

фото: Finprom.kz

Дегенмен, сұраныс төмендегенімен, жерлеу қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде шамамен 5%-ға өскен.

Баға айтарлықтай өскен өңірлер:

  • Батыс Қазақстан облысы – баға бір жарым есеге өскен;

  • Жетісу облысы – +23,1%;

  • Ақтөбе облысы – +11,1%;

  • Қарағанды облысы – +6,7%;

  • Абай облысы – +6,1%;

  • Алматы облысы – +4,1%.

Finprom.kz

Finprom.kz

Жалпы, еліміздің 20 өңірінің 11-інде жерлеу қызметтерінің құны өскен. Қалған өңірлерде баға өзгеріссіз қалды, бірақ төмендеу байқалмаған.