САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Ақмола облысында шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақмола облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғау мәселесін көтерді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, осы санаттағы балалар тұрғын үй алуға бірінші кезекте құқылы. Алайда жергілікті атқарушы органдар тарапынан балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бұзылған.
Прокуратураның мәліметі бойынша, 33 бала заңсыз түрде есептен шығарылған, 8 бала уақытында кезекке қойылмаған және 1 балаға мүлде тұрғын үй беруден бас тартылған. Сонымен қатар, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде екі жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрғаны анықталды. Қадағалау актісінің нәтижесінде пәтер қайтарылып, ол баланың иелігіне берілді. Қазір басқа балалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылданып жатыр. Жұмыс жалғасуда.
Бұл оқиға Павлодар облысында да қайталанған. Ертіс ауданы әкімінің орынбасары жетім балаға тиесілі пәтерде тұрғаны хабарланды. Пәтерді беру туралы шешім облыс басшылығы тарапынан қабылданған, және ол шешімді әкім орынбасары өз бетінше қабылдағанын айтқан. Әдеп кеңесінің мүшелері заңға сәйкес әрекет ету қажеттігін айтып, лауазымды тұлғаға қызметтік талаптарды толық орындамағаны үшін тәртіптік жаза ретінде ескерту жасауды ұсынған.