САЯСАТ

Қылмыс әлемінің серкесі "Серік Голова" көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: "Письма президенту" арнасынан

 

Қылмыс әлемінде “Серік Голова” деген атпен танылған Серік Жаманаев өмірден озды. Ол ұзақ уақыт бауыр обырына шалдыққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жаманаев 2024 жылдың желтоқсанында түзеу мекемесіне ауыстырылған. Сол сәттен бастап ол дәрігерлер бақылауында болды. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, ол келген бетте толық медициналық тексеруден өткен. Нәтижесінде, бауыр обырының үшінші сатысы анықталған.

“Содан бері ол бірнеше рет медициналық мекемелерге жеткізіліп, ем қабылдады. 8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шараларға қарамастан, 25 сәуірде көз жұмды”, – делінген Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД мәлімдемесінде.

Қазір Жаманаевтың өліміне қатысты тексеріс жүргізілуде.

Еске салайық, Серік Жаманаев 2021 жылдың басында 19 жылға сотталған болатын. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айыппен жауапқа тартылған. Прокурордың айтуынша, оның тобы жасаған әрекеттердің бірі адам өліміне себеп болған.

Сот шешімімен Жаманаев жазасының алғашқы 14 жылын аса қатаң режимдегі, ал қалған 5 жылын қатаң режимдегі түзеу мекемесінде өтеуі тиіс еді.