САЯСАТ

Президент көмекшісі Қанат Шарлапаев “Бәйтерек” холдингінің директорлар кеңесіне қайта енді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Үкімет

Президенттің экономикалық көмекшісі Қанат Шарлапаев “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінің құрамына сайланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Холдингтің директорлар кеңесінде барлығы 10 мүше бар. Жаңартылған құрамға Премьер-министр Олжас Бектенов, оның бірінші орынбасары Роман Скляр, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Мәди Тақиев, қаржы-экономика саласының өкілдері Ерсайын Нағаспаев пен Рустам Қарайғошин және шетелдік тәуелсіз директорлар — Мари-Хелен Берард, Даниэль Алан Витт пен Норберт Манфред Грундке кірді.

Айта кетейік, Қанат Шарлапаев бұған дейін де — 2022-2023 жылдары “Бәйтерек” холдингінің басқарма төрағасы болып тұрған кезде директорлар кеңесінің мүшесі болған.

2025 жылы ол Мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалған еді.