ҚОҒАМ

Қазақстанда 470 мыңнан астам адам зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жүр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Baq.kz

Қазақстанда 470 мыңнан астам қызметкер зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылы 679 мың қызметкерге зиянды еңбек жағдайлары үшін түрлі өтемақылар төленген. Бұл мақсатқа жұмыс берушілер 297,4 миллиард теңге бағыттаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 16,6 пайызға көп.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген қызметкерлерді әлеуметтік қолдау үшін арнайы төлем енгізілді. Оны алу үшін азаматтың жасы 55-ке толуы және кемінде жеті жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленуі қажет. Бүгінгі таңда 14 мыңнан астам қызметкер зиянды еңбек жағдайындағы жұмысын тоқтатып, арнайы төлем алып жатыр.

Министрліктің дерегі бойынша, Қазақстан кәсіпорындарында жыл сайын 1400-ден астам жазатайым оқиға тіркеледі, оның ішінде шамамен 200 оқиға адам өлімімен аяқталады. Ең көп жазатайым оқиға тіркелетін салалар – тау-кен металлургия кешені (15,3%) және құрылыс саласы (12%).

2024 жылдың қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына 1042 жазатайым оқиға туралы материал жолданып, олардың негізінде 215 қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, елімізде 7,7 мыңнан астам өндірістік нысан аттестациядан өтті.