САЯСАТ

ШҚО-да қытайлық компания 1 миллиард теңге айыппұл арқалады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Baq.kz

Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының талабы бойынша Экология департаменті "СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы" ЖШС-не қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тексеру барысында экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, ІІ санаттағы объектілерге қажетті экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенінің пайдаланылғаны белгілі болды.

Осы фактілер бойынша 2024 жылғы 21 қарашада инспектордың қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ЖШС бұл шешімге қарсы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағым түсірген болатын. Алайда, 2025 жылғы 4 наурызда сот компанияның кінәсін растап, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды.

Компания апелляциялық шағым түсіргенімен, 2025 жылғы 10 сәуірде апелляциялық инстанция алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.