САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: pixabay.com
Еуропалық одақ Ресейге қарсы салынған санкцияларды тек Украина аумағынан әскерін толық әкеткен жағдайда ғана қайта қарастыруы мүмкін. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі өкілі Анитта Хиппер DW-ге берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Ресейдің Украинаға қарсы арандатусыз және ақтауға келмейтін шабуылын тоқтатып, ел аумағынан толық шегінуі — санкцияларды өзгерту не жою үшін басты шарттардың бірі", — деді Анитта Хиппер.
Ол сондай-ақ Мәскеу тарапынан айтылып жүрген «бейбітшілікке деген ұмтылыс» туралы мәлімдемелердің іс жүзінде керісінше — күн сайынғы құрбандар мен бейберекет әрекеттермен қайшылыққа түсетінін атап өтті.
Еуроодақ Ресейге қысым көрсету шараларын жалғастыруға бекінген. Оның ішінде, соғыс жүргізу әлеуетін әлсірету мақсатындағы экономикалық санкциялар мен өзге де құралдар бар.