САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: AP Photo / Pool
АҚШ президенті Дональд Трамп импортқа салынатын жаңа алымдар 2 сәуірден бастап күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Осы қадам арқылы Ақ үй басшысы халықаралық саудадағы шиеленісті күшейтіп отыр. Жаңа салықтық шаралар шағын жүк көліктерін де қамтиды. Трамптың айтуынша, мұндай шешім АҚШ-тың экономикалық өсімін қолдап, ішкі өндірісті дамытуға бағытталған.
Сондай-ақ, ол шетелдік автоөндірушілердің болашақта АҚШ-та зауыт ашуына сенім білдірді. Жергілікті ақпарат көздері хабарлағандай, 2 сәуірден бастап енгізілетін бұл саясат Америкада емес, шетелде құрастырылған америкалық брендтерге де әсер етпек. Қазіргі таңда елдегі автонарықтың жартысынан астамын шетелден әкелінген көліктер құрайтынын ескерсек, өзгерістердің салдары елеулі болатыны анық.
Бұған қоса, Трамп фармацевтика өнімдеріне де қосымша салық енгізуді көздеп отыр. Ал алдағы аптада бірнеше мемлекетке қатысты жаңа қарсы шаралар іске асырылуы мүмкін.