Bugin

Спорт саласындағы діни мәселелер: Мемлекет қандай шара қолдануда?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев спорттағы дін мәселелеріне қатысты "Жол картасының" қалай жүзеге асып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

— Біз бұл бағытта алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мәселе адамның сыртқы келбетінде емес, радикалды діни ағымдарға бой алдырмауда, — деді ол.

Жарасбаевтың айтуынша, аталған "Жол картасы" аясында Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитетінен теолог мамандар тартылып, олар спорттық федерациялармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

— Егер қандай да бір күдік туғызатын белгілер — сыртқы түр-сипат немесе мінез-құлық байқалса, біз міндетті түрде тиісті мемлекеттік органдарға хабар береміз, — деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, басты мақсат – дін мен спортты саясаттан, радикалдандырудан арашалап, салауатты әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.