ТӘРБИЕ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов жынысты хирургиялық түзету мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда мұндай оталар әзірге тіркелмеген. Сонымен қатар, бұл операциялар мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне де кірмейді.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына сәйкес, жыныс өзгертуге бағытталған пластикалық оталар мемлекеттік қаржыландыру тізіміне енгізілмеген.
Олжас Бектенов егер бұл тақырып бойынша заңнамаға өзгерістер қажет болса, тиісті мемлекеттік органдар депутаттармен бірлесе отырып қарастыруға дайын екенін жеткізді.