ҚОҒАМ

Павлодарда оңалту орталығының басшысы мүгедек балалар есебінен пайда тапқан

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: El.kz/Арман Мұхатов

Павлодарда мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығының қызметінде алаяқтық фактілері әшкереленді. Қалалық прокуратураның хабарлауынша, орталық басшылығы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын заңсыз иемденген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, орталық директоры жалған келісімшарттар жасасып, соның негізінде ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері орталыққа ұзақ уақыт бойы мемлекет есебінен тегін көрсетілуі тиіс қызметтер үшін ақы төлеп келген.

Анықталған деректерге сәйкес, бұл әрекеттердің салдарынан тұрғындарға 7,6 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Қазіргі таңда аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.