САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: ulysmedia.kz
Қазақстанда заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару ісі қарқынды түрде жалғасып жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, активтерді қайтару – агенттіктің басым бағыттарының бірі және бұл жұмыс Мемлекет басшысының нақты тапсырмаларына сәйкес, "ақша ізімен жүру" ("follow the money") қағидасына сүйене отырып жүргізілуде.
2022 жылдан бері мемлекет меншігіне және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарамағына 1,13 триллион теңгеден астам қаражат қайтарылған.
Қайтарылған активтердің айтарлықтай бөлігі шетелден алынған. Атап айтқанда, Австрия, Лихтенштейн, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядан 670,5 миллион АҚШ доллары (шамамен 297,5 миллиард теңге) көлемінде қаражат елге жеткізілген.
Бигайдаровтың айтуынша, бұл – халықаралық ынтымақтастық пен нақты заңнамалық тетіктердің нәтижесі.