ҚОҒАМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: istockphoto.com
Қостанай облысында Finiko қаржы пирамидасына қатысы бар азамат 7 жылға сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы.
Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы 2019 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін мессенджерлер арқылы азаматтарға жалған инвестициялық жоба жайлы ақпарат таратқан. WhatsApp арқылы тарап кеткен бұл "қаржылық мүмкіндік" шын мәнінде алаяқтық схема болып шықты.
Айыпталушы 36 адамды сендіре отырып, олардың қолынан 126 миллион теңгеден астам қаражат жинаған. Жиналған ақшаның бір бөлігі криптовалюта жүйесі арқылы жасырынып, қалғаны жаңадан келген қатысушыларға жалған «дивиденд» ретінде таратылған.
Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындамаған. Алайда сот оның әрекетінің қоғамға тигізген қауіптілігін, келтірілген материалдық шығын көлемін және жеке басын ескере отырып, оны коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.