Bugin

Табыс көбейсе – салық та артады: Мәжіліс жаңа заңды қабылдады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Baq.kz

Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа нұсқасын екінші оқылымда қабылдады. Жаңартылған құжатта жеке табыс салығына прогрессивті шкала енгізіліп, бизнеске салынатын салық көлемі де өзгерді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жаңа жүйе бойынша енді табыс көлемі өскен сайын салық мөлшерлемесі де ұлғаяды. Мәселен:

  • жылдық табысы 8500 АЕК-ке (шамамен 33,5 млн теңге) дейінгі жалақыға – 10% салық салынады, ал бұл көрсеткіштен асса – 15%;

  • дивиденд түріндегі табыс үшін 230 000 АЕК-ке дейін – 5%, одан жоғары болса – 15%;

  • резидент емес жеке тұлғалар үшін табыс 600 000 АЕК-ке дейін болса – 10%, одан жоғары – 17% салық салынады.

Бұдан бөлек, ойын бизнесі мен банктерге салынатын корпоративтік табыс салығы 25%-ға дейін көтеріледі. Алайда банктер кәсіпкерлерге берген несиелерден түсетін табысқа қатысты мөлшерлеме бұрынғыдай – 20% деңгейінде сақталады.