ТӘРБИЕ

Шымкенттік тұрғын әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға сотталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: pixabay.com

Шымкенттік тұрғынға терроризмді насихаттағаны және діни алауыздықты қоздырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы 2024 жылдың маусымы мен қыркүйегі аралығында ұялы телефон арқылы YouTube платформасында арна ашып, халықаралық экстремистік ұйымның идеологиясын дәріптейтін бейнероликтер жүктеген. Сонымен қатар TikTok желісі арқылы өзге ұлт пен дін өкілдерінің діни сезімдерін қорлайтын, өшпенділік пен жеккөрушілікке үндейтін жазбалар таратқан.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, соттан жеңіл жаза сұраған. Дегенмен, сот оның әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің "ұлттық және діни алауыздықты қоздыру" және "терроризмді насихаттау" баптары бойынша ауыр қылмыс деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.