САЯСАТ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: gknb.official instagram желісінен
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер Ерқанат Жұмабековке іздеу жариялады. Оған қылмыс әлемінің белді серкесі Қамшы Көлбаевтың (Қ.Асанбек) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Комитеттің мәліметінше, Жұмабеков пен Қ.Асанбек арасындағы байланыс жай ғана таныстықпен шектелмеген. Олар Ыстықкөл өңіріндегі «Барс» демалыс орнында бірнеше рет кездесіп, бірге уақыт өткізген. Сонымен қатар кәсіпкер Асанбектің туыстарына Алматыға сапар барысында қаржылай қолдау көрсетіп отырғаны анықталған.
Тергеу материалдарында көрсетілгендей, Жұмабеков қылмыстық топтың рэкет, бопсалау сынды әрекеттерге барып, кәсіпкерлерден заңсыз ақша жинау жолымен табыс табатынын біле тұра, Қ.Асанбекпен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мұндай байланыс бизнес мүдделерін қорғау, ықпал ету тетіктерін нығайту және экономикалық жобаларды жүзеге асыру мақсатында қалыптасқан деген тұжырым жасалған.
Қырғыз тарапының хабарлауынша, Бішкек қаласының Октябрь аудандық соты Ерқанат Жұмабековке сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекіткен. Қазір ол халықаралық іздеуде.