САЯСАТ

Назарбаевтың бұрынғы серіктестеріне халықаралық іздеу жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан

"Алтын Орда" базарының бұрынғы басшылығына әрі Болат Назарбаевтың экс-серіктестеріне халықаралық іздеу қайта жарияланды. Бұл туралы мәлімет құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталында пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Атап айтқанда, Алмабек Қанат пен Данияр Әпдіғапаровты Қарасай аудандық криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр. Олар базардың бұрынғы құрылтайшылары қатарында болған.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан

Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылы осы іске байланысты бірнеше тұлға — Данияр Әпдіғапаров (1982 ж.т.), Жұмадин Патов (1982 ж.т.), Қанат Жақаев (1984 ж.т.) және Айдос Нұрқалиевке (1986 ж.т.) қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша (алаяқтық) халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Сонымен қатар базардың бұрынғы атқарушы директоры Ермек Марқабаев қомақты көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін төрт жылға сотталғаны белгілі.