БІЛІМ
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: IQ-Ala Jastary
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және "Жаухар" ұлттық салт-дәстүрді қолдау қорының ұйымдастыруымен өткен "IQ-ALA JASTARY" қалалық зияткерлік ойынының финалдық кезеңі 31 мамыр күні Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің акт залында Мемлекеттік рәміздер күніне орай өткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жобаның мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын арттыру, сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық әлеуетін шыңдау және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Байқауға Алматы қаласынан студенттік лига бойынша – 29, белсенді жастар лигасына – 26, жұмысшы жастар лигасына – 22 және әртүрлі санаттағы жастарға арналған жастар лигасына – 24 өтінім, жалпы саны 101 өтінім келіп түсті. Ойын төрт негізгі лига бойынша ұйымдастырылды:
Әр лига бойынша үздік атанған командалар финалдық кезеңге жолдама алып, барлығы 19 команда өзара білім, логика және тапқырлық бойынша сайысқа түсті.
"Жауһар" қоғамдық қорының директоры Исмаил Нұрислам Оразаұлы аталған ойынға қатысты пікір білдірді.
"Биыл "IQ-ALA JASTARY" ойынына мыңнан аса жас қатысты. Іріктеу кезеңдерінде 100-ден аса команда бақ сынасты. Жүлде қоры – 1 000 000 теңге. Бұл – жастарды ынталандырудың маңызды жолы", - дейді ол.
Жоба аясында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында қатысушылар үшін дамыту іс-шаралары, тимбилдингтер, семинар сабақтар және басқа да мазмұнды бағдарламалар өткізілді. Бұл шаралар қатысушылардың жеке және командалық әлеуетін дамытуға бағытталды.
Финалдық кезеңге өткен 19 үздік команда 7 тур бойы әртүрлі бағыттағы сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін ортаға салды.
Нәтижелер келесідей болды:
Төртінші және бесінші орын алған командаларға арнайы ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Шұғыла Бүрлібаева, «Аққу, шортан һәм шаян» командасының мүшесі:
"Командамыз бірнеше жылдан бері бірге ойнап келеді. Алматыдағы түрлі интеллектуалды жарыстарға қатысқан тәжірибеміз бар. Кей сұрақтар, әсіресе тарихи тастарға қатысты, күрделі болды. Бірақ әділ әрі тартысты өткен ойынның рухы ерекше әсер қалдырды", - дейді ол.
"IQ-ALA JASTARY" зияткерлік жобасы жастар арасында үлкен қызығушылық пен қолдау тапты. Ұйымдастырушылар бұл жобаны алдағы жылдары дәстүрлі түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. Биылғы қатысушылар саны мен қызығушылық деңгейі – бұл жобаның өзектілігі мен жастардың зияткерлік дамуға деген ынтасын айғақтайды. Мұндай бастамалар жастардың бір мақсатқа жұмылып, көшбасшылық қабілеттерінің қалыптасуына жол ашады