Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Михаил Метцель / ТАСС)
Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай экс-президенттің Мәскеуге жасаған сапарының мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, бұл сапар ресми емес, жеке сипатқа ие болған.
"Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинді көпжылдық достық қарым-қатынас байланыстырады. Бұл байланыс мемлекеттік өкілеттіктердің бар-жоғына қарамастан сақталып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар әлемдік көшбасшылармен тығыз байланыста – бұл байланыс телефон арқылы сөйлесу, хат-хабар алмасу және жекелеген кездесулер арқылы жүзеге асады", – деді Үкібай.
Баспасөз хатшысы белгілі саясаткерлердің – мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де – өзара жеке кездесулер өткізуі қалыпты тәжірибе екенін атап өтті.
"Нұрсұлтан Назарбаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға шақырту алды. Алайда объективті себептерге байланысты ресми мерекелік күндерде қатыса алмады. Сондықтан Мәскеуге кейінірек, жеке сапармен барды", – деп нақтылады Үкібай.
Сонымен қатар ол Елбасының Қазақстанда тұрақты тұратынын, шетелге кетіп қалды деген мәліметтер шындыққа жанаспайтынын ерекше атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескені туралы жазған едік.
"Владимир Путин Кремльде Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті", - деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында қандай мәселелер қозғалғаны нақты айтылмады.
Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл жүздесу 29 мамыр күні өткен.