ҚОҒАМ

Шерзат ісі: Депутат Құспан рақымшылыққа кімдер ілігуі мүмкін екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Фото: Dalanews.kz

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сотталғандарға рақымшылық жасалуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Депутаттың айтуынша, бұл қазір қоғамда кең талқыланып жатқан өзекті мәселе. Алайда ол адам өліміне әкеп соққан қылмыстарға рақымшылық қолданылмайтынын нақты айтты.

"Шерзат Болат ісіне бәріміз назар салып отырмыз. Мұнда адам өлімі тіркелді. Сондықтан бұл істе рақымшылық актісі қолданылмайды. Егер қандай да бір бап абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдай ретінде сараланса да, заң бойынша рақымшылыққа жатпайды", – деді Құспан Мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ тілшілер бұл істе кәмелет жасына толмаған сотталушы Думан Ысқаққа рақымшылық жасалуы мүмкін бе деп нақтылады. Абзал Құспанның жауабынша, Ысқақтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша бағаланған. Бұл бап рақымшылық жасалатын санатқа кіреді.

Осылайша, депутаттың айтуынша, Думан Ысқақ амнистияға ілігуі мүмкін.